Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Хабарлама!

Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Редакция от 01.01.2024 до 28.05.2024 түпнұсқа құжат файлы

Дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге келісім

 

Астана қ.                                         ________ ж.

 

Осымен, Мен ________, ________ (аты-жөні, туған күні, айы, жылы көрсетіледі), ЖСН ________, «Вивус» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-не (əрі қарай – МҚҰ) менің дербес деректерімді, қағаз тасымалдаушыда, сондай-ақ электрондық тасымалдаушыда, МҚҰ деректер базасындағы, жинауға жəне өңдеуге өзімнің даусыз келісімімді беремін, сондай-ақ мен Субъект және МҚҰ арасында жасалған (мүмкін жасалатын) кез келген мәмілелерді жасауға және/немесе орындауға және/немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы бар және/немесе қатысы болуы мүмкін үшінші тұлғаларға өзімнің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және ұсынуға келісім беремін.

 Дербес деректер – электрондық, қағаз жəне (немесе) өзге материалдық тасымалдаушыға түсірілген маған қатысты кез келген мəліметтер, оларға кіруі мүмкін (бірақ аталғандармен шектелмейді):

1. сауалнама толтыру үшін, сонымен қатар сəйкестендіру үшін қажетті мəліметтер (тегі, аты, əкесінің аты; азаматтығы; жеке басын растайтын құжаттың деректері; жеке сəйкестендіру нөмірі; биометриялық деректер жəне өзгелер);

2. отбасылық / əлеуметтік жағдайы туралы мəлімет (асырауында жəне (немесе) отбасының өзге мүшелерінің бар болуы / жоқ болуы; басқа мəліметтер);

3. байланыс орнату үшін қажетті мəліметтер (тіркелген орны, нақты тұратын (болатын) орны, жұмыс орны мен лауазымы; телефонының нөмірі (үйінің, жұмысының, ұялы), электрондық поштасының мекен-жайы; мекен-жай анықтамасында көрсетілген ақпарат жəне өзгелер);

4. білімі туралы, кəсіби қызметі, қызметтік жағдайы, іскерлік беделі туралы мəліметтер (білімі, мамандығы, лауазымы, соттылығының болғаны / болмағаны туралы, қылмыстық / əкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат жəне өзгелер);

5. əрекет қабілеттілігі мен денсаулық жағдайын растауға арналған мəліметтер (оның ішінде ресми мемлекеттік органдардан жəне ұйымдардан алынуы мүмкін мəліметтер жəне өзгелер);

6. жасалған шағын кредит беру туралы шарт бойынша ШҚҰ-ның өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті мəліметтер (банк шоттарының, төлем карталарынң нөмірлері /деректемелері, оның ішінде уақытша жұмысқа жарамсыздығы (мүгедектігі) туралы мəліметтер; басқа ақпарат көздерінен алынған əлеуметтік жеңілдіктері туралы жəне əлеуметтік мəртебесі туралы мəліметтер).

7. жоғарыда көрсетілген деректердің өзгерісі мен толықтырулары туралы ақпарат.

8. Менің дербес деректерімді (оның ішінде қағаз тасымалдаушыда жəне (немесе) электрондық форматта МҚҰ деректер базасында жинау, өңдеу жəне сақтау) жинау, өңдеу жəне пайдалану, оның ішінде келесі мақсаттарда:

• шағын кредит беру туралы шарт жасау жəне орындау мақсаттары үшін;

• сəйкестендіру жəне МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған тəртіпте жəне онда көрсетілген шектеулерді ескере отырып, МҚҰ Сайтындағы жеке кабинетіне кіруге мүмкіндік беру мақсаттарында, МҚҰ қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету үшін;

• Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен МҚҰ ішкі құжаттары белгілеген МҚҰ-ның құжаттарды, материалдарды, кредит досьелерін сақтау бойынша міндеттемелерін орындауы үшін;

• мен шағын кредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттерімді бұзған жағдайда МҚҰ-ның құқықтарын соттық жəне соттан тыс тəртіпте қорғауы үшін;

• менің (жəне / немесе үшінші тұлғалардың) өтініштеріме, шағымдарыма, ұсыныстарыма, кеңестерімен, наразылықтарыма, тапсырмаларыма жəне (немесе) т.б. жауап беру жəне оларды қарау үшін;

• шағын кредит беру туралы шарт белгілеген менің міндеттерімнің тиісінше орындалуына МҚҰ бақылау жүргізуі үшін;

• курьер, курьерлік қызмет, экспресс пошта, электрондық хабарламалар жəне т.б. көмегімен жөнелту (жеткізу) / алу үшін менің атыма хат-хабар (пошта) жолдау (алу) үшін; • шағын кредит беру туралы шартты жасау жəне орындау бойынша пайдаланушылармен байланыс;

• пайдаланушының төлем қабілеттілігін бағалау; тəуекелдерді бағалау, болдырмау жəне басқару;

• Субъектінің микрокредитке Өтінімін қарау үшін Субъект туралы қажетті ақпарат алу үшін кредиттік бюроларға мен зейнетақы төлеу орталығына тиісті сұрау салу алған кезде қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органға және басқа да уәкілетті органдарға дербес деректерді беру;

• өзара есеп айырысуды жүзеге асыру;

• алаяқтықтың алдын алу, терроризмді қаржыландыру жəне ақшаны жылыстату;

МҚҰ-дан микрокредит алу құқығынан айырылған тұлғалардың тізімін жүргізу;

МҚҰ қызметтерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды болдырмау;

• берешектерді өндіріп алу (даусыз тəртіпте);

• талап ету құқығын беру (цессиялар);

• жарнама (мысалы, қызметтерді жарнамалау мақсатында тұлғалармен байланыс; пайдаланушыларға арналған іс-шараларды ұйымдастыру; таргетинг, cookie-файлдарды пайдалану; əлеуетті пайдаланушылармен байланыс); • қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпараттық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қоса алғанда); мүлік пен қызметкерлерді қорғау; құқық бұзушылықты болдырмау); • көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту; • МҚҰ қызметкерлері мен пайдаланушылары арасындағы коммуникация сапасын бақылау; дəлелдемелерді сақтау;

МҚҰ заңды міндеттемелерін орындау жəне мемлекеттік органдармен ынтымақтастық;

• клиенттік деректер базасын құру жəне қолдау;

• ұсынылған деректер негізінде статистикалық жəне өзге де зерттеулер жүргізу;

• Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне МҚҰ ішкі құжаттарында белгіленген (белгіленуі мүмкін) өзге мақсаттар үшін.

9. Осымен мен келесіні растаймын:

МҚҰ-ның менің дербес деректерімді шағын кредиттер беру туралы құпия көрсетілген ақпаратты қорғау режиміне ұқсас режимде қорғайтыны туралы МҚҰ-ның мені хабардар еткенін;

• дербес деректерді жинауға жəнеөңдеуге берген осы келісімімді кері шақыртыпалуыма болмайды, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшыкелсе, немесе МҚҰ алдында орындалмаған міндеттемем болса;

• Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген жағдайларда МҚҰ менің келісімімсіз менің дербес деректерімді жинауға жəне өңдеуге құқылы;

МҚҰ менің дербес деректерімді менден жəне кез келген үшінші тұлғалардан жинауға (алуға), сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беруге/дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде таратуға құқылы;

•Дербес деректерді қамтитын мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен өзара қарым-қатынас болмаған жағдайда, субъектінің және оның заңды өкілінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін алу бойынша процедураларды оңтайландыру мақсатында, МҚҰ мемлекеттік емес сервистерді пайдалануға құқылы екенін;

МҚҰ менің дербес деректерімді верификациялау жəне сəйкестендіру мақсатында алуға құқылы екенін;

10. Осы келісім МҚҰ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте менің дербес деректерімен кез келген әрекеттерді (операцияларды) немесе мұндай әрекеттер (операциялар) жиынтығын, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе соңғыларды пайдаланбастан, қоса алғандағы, бірақ олармен шектелместен жасалатын әрекеттерді жүзеге асыру, менің дербес деректерімді жинау, өңдеу, жазу, көшіру, қорғау, скрининг, жүйелеу, жинау, сақтау, нақтылау (өзгерту, жаңарту), алу, пайдалану, беру (тарату, рұқсат беру, оның ішінде үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімді өңдеу құқығымен беру), бұғаттау, алып тастау, жою құқығын беретінін;

11. Осы келісімді МҚҰ сонымен біргеменің МҚҰ-дан кез келген өнімдерді жəне (немесе) өзге қызметтерді алуым кезінде пайдалануына болады;

12 мені МҚҰ-ның үшінші тұлғалардан менің дербес деректерімді алғаны жəне (немесе) МҚҰ-ның менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға бергені туралы хабардар етуі қажет емес, мұндай дербес деректерді МҚҰ маған хабарламастан жинауына (беруіне) жəне өңдеуіне болады;

13. Бұл келісімді МҚҰ-ға менің дербес деректерімді жинауға жəне өңдеуге келісім бергенімді дəлелдеу ретінде үшінші тұлғаларға беруге болады;

14. Дербес деректерді жинауды жəне өңдеуді реттейтін МҚҰ-ның ішкі құжаттарымен алдын ала таныстым жəне оның талаптарына келісемін.

15. Осы келісім МҚҰ мен Субъект арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде әрекет етеді.

 

Аты-жөні:  ________________________

Электрондық қолтаңба: +7________/__.___.___/ __:__:__ /______