Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Хабарлама!

Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Редакция от 27.10.2022 до 31.12.2023 түпнұсқа құжат файлы

Дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге келісім

 

Астана қ. «__»___________20__ ж.

 

Осымен, Мен ________________________________________________________________________ (аты-жөні, туған күні, айы, жылы көрсетіледі), ЖСН , «Вивус» Шағын қаржы ұйымы» ЖШС-не (əрі қарай – ШҚҰ) менің дербес деректерімді, қағаз тасымалдаушыда, сондай-ақ электрондық тасымалдаушыда, ШҚҰ деректер базасындағы, жинауға жəне өңдеуге өзімнің даусыз келісімімді беремін, сондай-ақ, "Кселл" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Azimut Solutions Group" ЖШС дербес деректерімді МҚҰ-ға жинауға, өңдеуге жəне ұсынуға келісімімді беремін. Дербес деректер – электрондық, қағаз жəне (немесе) өзге материалдық тасымалдаушыға түсірілген маған қатысты кез келген мəліметтер, оларға кіруі мүмкін (бірақ аталғандармен шектелмейді):

1. сауалнама толтыру үшін, сонымен қатар сəйкестендіру үшін қажетті мəліметтер (тегі, аты, əкесінің аты; азаматтығы; жеке басын растайтын құжаттың деректері; жеке сəйкестендіру нөмірі; биометриялық деректер жəне өзгелер);

2. отбасылық / əлеуметтік жағдайы туралы мəлімет (асырауында жəне (немесе) отбасының өзге мүшелерінің бар болуы / жоқ болуы; басқа мəліметтер);

3. байланыс орнату үшін қажетті мəліметтер (тіркелген орны, нақты тұратын (болатын) орны, жұмыс орны мен лауазымы; телефонының нөмірі (үйінің, жұмысының, ұялы), электрондық поштасының мекен-жайы; мекен-жай анықтамасында көрсетілген ақпарат жəне өзгелер);

4. білімі туралы, кəсіби қызметі, қызметтік жағдайы, іскерлік беделі туралы мəліметтер (білімі, мамандығы, лауазымы, соттылығының болғаны / болмағаны туралы, қылмыстық / əкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат жəне өзгелер);

5. əрекет қабілеттілігі мен денсаулық жағдайын растауға арналған мəліметтер (оның ішінде ресми мемлекеттік органдардан жəне ұйымдардан алынуы мүмкін мəліметтер жəне өзгелер);

6. жасалған шағын кредит беру туралы шарт бойынша ШҚҰ-ның өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті мəліметтер (банк шоттарының, төлем карталарынң нөмірлері /деректемелері, оның ішінде уақытша жұмысқа жарамсыздығы (мүгедектігі) туралы мəліметтер; басқа ақпарат көздерінен алынған əлеуметтік жеңілдіктері туралы жəне əлеуметтік мəртебесі туралы мəліметтер).

7. жоғарыда көрсетілген деректердің өзгерісі мен толықтырулары туралы ақпарат.

 

Менің дербес деректерімді (оның ішінде қағаз тасымалдаушыда жəне (немесе) электрондық форматта ШҚҰ деректер базасында жинау, өңдеу жəне сақтау) жинау, өңдеу жəне пайдалану, оның ішінде келесі мақсаттарда:

• шағын кредит беру туралы шарт жасау жəне орындау мақсаттары үшін;

• сəйкестендіру жəне ШҚҰ ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған тəртіпте жəне онда көрсетілген шектеулерді ескере отырып, ШҚҰ Сайтындағы жеке кабинетіне кіруге мүмкіндік беру мақсаттарында, ШҚҰ қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету үшін;

• Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен ШҚҰ ішкі құжаттары белгілеген ШҚҰ-ның құжаттарды, материалдарды, кредит досьелерін сақтау бойынша міндеттемелерін орындауы үшін;

• мен шағын кредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттерімді бұзған жағдайда ШҚҰ-ның құқықтарын соттық жəне соттан тыс тəртіпте қорғауы үшін;

• менің (жəне / немесе үшінші тұлғалардың) өтініштеріме, шағымдарыма, ұсыныстарыма, кеңестерімен, наразылықтарыма, тапсырмаларыма жəне (немесе) т.б. жауап беру жəне оларды қарау үшін;

• шағын кредит беру туралы шарт белгілеген менің міндеттерімнің тиісінше орындалуына ШҚҰ бақылау жүргізуі үшін;

• курьер, курьерлік қызмет, экспресс пошта, электрондық хабарламалар жəне т.б. көмегімен жөнелту (жеткізу) / алу үшін менің атыма хат-хабар (пошта) жолдау (алу) үшін;

• шағын кредит беру туралы шартты жасау жəне орындау бойынша пайдаланушылармен байланыс;

• пайдаланушының төлем қабілеттілігін бағалау; тəуекелдерді бағалау, болдырмау жəне басқару;

• пайдаланушының шағын кредитке өтінімін қарау үшін пайдаланушы туралы қажетті ақпарат алу үшін несие бюросы мен зейнетақы төлеу орталығына дербес деректерді беру;

• өзара есеп айырысуды жүзеге асыру;

• алаяқтықтың алдын алу, терроризмді қаржыландыру жəне ақшаны жылыстату;

• ШҚҰ-дан микрокредит алу құқығынан айырылған тұлғалардың тізімін жүргізу;

• ШҚҰ қызметтерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды болдырмау;

• берешектерді өндіріп алу (даусыз тəртіпте);

• талап ету құқығын беру (цессиялар);

• жарнама (мысалы, қызметтерді жарнамалау мақсатында тұлғалармен байланыс; пайдаланушыларға арналған іс-шараларды ұйымдастыру; таргетинг, cookie-файлдарды пайдалану; əлеуетті пайдаланушылармен байланыс);

• қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпараттық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қоса алғанда); мүлік пен қызметкерлерді қорғау; құқық бұзушылықты болдырмау);

• көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту;

• ШҚҰ қызметкерлері мен пайдаланушылары арасындағы коммуникация сапасын бақылау; дəлелдемелерді сақтау;

• ШҚҰ заңды міндеттемелерін орындау жəне мемлекеттік органдармен ынтымақтастық;

• клиенттік деректер базасын құру жəне қолдау;

• ұсынылған деректер негізінде статистикалық жəне өзге де зерттеулер жүргізу;

• Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне ШҚҰ ішкі құжаттарында белгіленген (белгіленуі мүмкін) өзге мақсаттар үшін. Осымен мен келесіні растаймын:

• ШҚҰ-ның менің дербес деректерімді шағын кредиттер беру туралы құпия көрсетілген ақпаратты қорғау режиміне ұқсас режимде қорғайтыны туралы ШҚҰ-ның мені хабардар еткенін;

• дербес деректерді жинауға жəнеөңдеуге берген осы келісімімді кері шақыртыпалуыма болмайды, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшыкелсе, немесе ШҚҰ алдында орындалмаған міндеттемем болса;

• Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген жағдайларда ШҚҰ менің келісімімсіз менің дербес деректерімді жинауға жəне өңдеуге құқылы;

• ШҚҰ менің дербес деректерімді менден жəне кез келген үшінші тұлғалардан жинауға (алуға), сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беруге/дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде таратуға құқылы;

• ШҚҰ менің дербес деректерімді верификациялау жəне сəйкестендіру мақсатында, сондай-ақ кредиттік рейтингті бағалау мақсатында "Кселл" АҚ-дан, "КаРТел" ЖШС-дан, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-дан жəне басқа да ұялы байланыс операторларынан, ұялы байланыс операторларында менің тарапымнан бір реттік SMS парольмен расталған дербес деректерді беруге келісім болған жағдайда алуға құқылы; Осыған байланысты "Кселл" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Azimut Consulting Group" ЖШС дербес деректерімді МҚҰ-ға жинауға, өңдеуге жəне ұсынуға келісімімді беремін. Менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге жəне ұсынуға келісімді "Кселл" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Azimut Consulting Group" ЖШС МҚҰ мекенжайына 6397 қысқа нөміріне "1" мəтіні бар SMSхабарлама жіберу арқылы кері қайтарып алуға болатындығын түсінемін жəне хабардар етеміз;

• осы келісім ШҚҰ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тəртіпте менің дербес деректеріммен кез келген əрекеттерді (операция) немесе мұндай əрекеттер (операциялар) жиынтығын жасау құқығын білдіреді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып жəне ол құралдарды пайдаланбастан, бірақ олармен шектелместен, менің дербес деректерімді жинау, өңдеу, жазу, көшіру, резервтік көшіру, қорғау, скрининг, жүйелеу, жинау, сақтау, нақтыландыру (жаңалау, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, рұқсат беру, оның ішінде үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімді өңдеу құқығымен, транасшекаралық берумен қоса), тұлғасыздандыру, бұғаттау, алып тастау жəне жою құқығын;

• осы келісімді ШҚҰ сонымен біргеменің ШҚҰ-дан кез келген өнімдерді жəне (немесе) өзге қызметтерді алуым кезінде пайдалануына болады;

• мені ШҚҰ-ның үшінші тұлғалардан менің дербес деректерімді алғаны жəне (немесе) ШҚҰ-ның менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға бергені туралы хабардар етуі қажет емес, мұндай дербес деректерді ШҚҰ маған хабарламастан жинауына (беруіне) жəне өңдеуіне болады;

• бұл келісімді ШҚҰ-ға менің дербес деректерімді жинауға жəне өңдеуге келісім бергенімді дəлелдеу ретінде үшінші тұлғаларға беруге болады;

• дербес деректерді жинауды жəне өңдеуді реттейтін ШҚҰ-ның ішкі құжаттарымен алдын ала таныстым жəне оның талаптарына келісемін.

 

_______________________________Аты-жөні

____________________электрондық қолтаңба